Шымкент әкімдігімен Соттасуда

10.09.2019
Қаралды: 52

Кешегі сейсенбі күні Шымкенттің Қаратау аудандық сотында қоғам белсенділерінің қала әкімдігінің үстінен түсірген шағымын қарау басталды.

 

Мәселе қала әкімдігінің митинг өткізуге рұқсат бермеуінен туындап отыр. Қоғам белсенділері – Ерғали Құлбаев, Данияр Байтілеу және Нұржан Мұхаммедов өткен тамыз айында қала әкімдігінен митинг өткізуге бірнеше мәрте арнайы рұқсат сұраған. Бірақ қала әкімдігі митинг өткізуге рұқсат бермеген.

 

Бұдан кейін қоғам белсенділері Конституциялық құқымызды бұзды деп қала әкімдігінің үстінен сотқа шағым түсірген. Олар бұған қатысты қаулы шығарған қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртайдың әрекетін заңсыз деп табуды және  аталған қаулының күшін жоюды талап етіп отыр.

 

Бұл жолғы сот отырысына арыз иелері мен олардың жақтастары және Шымкент қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. Алайда жауапкер жақ өкілдерінің тиісті сенімхаттары болмауы себепті сот отырысы кейінге қалдырылды. Ол алдағы 13-қыркүйекте өтетін болып белгіленді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ