Бұл жағдай биліктің наразылықтарды ести бастағанын көрсетеді

09.09.2019
Қаралды: 125

Бірден ескертейін, Жолдау көңілімнен шықпаса да негативке салынбаймын. Сырттай өз реак­циям­ды объективті түрде айтуға тырысайын. Сонымен:

 

Менің ойымша, Жолдауда ерекше атап өтуге тұратын және саяси тезистерге қатыс­ты бес мәселе бар:

 

1. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұзып-жарғыш саяси либерализация тұрақсыздыққа әкеп соғады. Сондықтан біз саяси реформаларды алға аттандаумен емес, ойластырып отырып жүргіземіз.

 

Бұған келісермін. Бірақ бұл онсыз да жоғалтып алған қаншама уақытымызды тағы да өткізу болмаса игі еді.

 

2. «Біздің принципіміз – саяси модернизациясыз экономикалық реформаларды жүргізу мүмкін емес», – деді Президент.

 

Міне, бұған 100 пайыз келісемін! Тіпті 100500 пайыз!

 

3. «Заңда белгіленген тәртіпке сай, митинг өткізуге рұқсат беру, ол үшін арнайы орын белгілеу. Алайда ол қала сыртында болмауы керек», – деді.

 

Тұтастай алғанда, ілгерілеу байқалады. Бірақ, меніңше, митингілер ескертуші сипатта өтуі керек. Сондай-ақ митингіні ұйымдастырушылар өз қауіпсіздігі үшін алаңдайтын болса, оны хабарлауы тиіс.

 

4. «Полицияның мемлекеттің күш құралы ретіндегі бейнесі біртіндеп келмеске кетеді. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсететін органға айналады».

 

Міне, тағы да 100500 пайыз келісемін!

 

Мен тек «біртіндеп» деген сөздің күнтізбеге қойылғанын және нақты мерзімін естігім келеді.

 

5. «Алдағы Мәжіліс пен мәслихат сайлауы еліміздегі көппартиялы жүйенің одан әрі дамуына сеп болуы керек».

 

Не бұл? Жаңа партияны тіркеуді жеңілдету жөніндегі уәдесі ме, әлде тек сайлау сеп болуға «тиіс» деген тілегі ғана ма?

 

Өз басым бұл сөзді түсінбедім.

 

Жалпы, осылар. Қалғанының бәрі өміріміздің жағымсыз сәттеріне байланысты халықтың әлеуметтік желілердегі реакциясына берген жауабы және мәселелерді ақшамен толтыру ғана. Десе де, мұның өзі жаман емес.

 

Бұл дегеніңіз, ең болмағанда, биліктің әлеуметтік желілердегі наразылықтарды ести бастағанын көрсетеді.

 

Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ