Жаңаөзеннің әкімі ауысты

09.09.2019
Қаралды: 49

Жаңаөзен қаласының әкімі ауысты. Кешегі сәрсенбі күні бұл лауазымға Мақсат Ибағаров тағайындалды.

 

Мақсат Оңғарбайұлы Ибағаровтың мамандығы – тау-кен инженері. Ол Маңғыстау облысындағы мұнай өнеркәсібі орындарында лауазымды қызметтер атқарған, облыстық мәслихат депутаты болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының көлік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып келген.

 

Ал Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Әділбек Дауылбаев бұл қызметті 2017 жылдан бері атқарып келген еді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ