Сақалдарын қырғызып тастады

02.09.2019
Қаралды: 91

Өзбекстан астанасында сақал қойған біраз жастарды базарлардан, көшелерден ұстап, ішкі істер бас­қармасына апарып, сақалдарын қырғызып тастады. Бұл жөнінде әлеуметтік желі арқылы хабарлағандар бар. Ал ресми билік пен ішкі істер саласының өкілдері мұны өтірік деп, жалған ақпаратқа шығаруға тырысуда.

 

Әлеуметтік желіде бір жігіттің өзін базардан ұстап әкетіп, ішкі істер бас­қармасында қорқытып-үркітіп, сақалын қырғызып тастағаны туралы жазбасы таралды. Ол өзінің ішкі істер басқармасына дейін және одан кейін түсірілген суретін жүктеді. Яғни суреттің бірінде ол сақалды кейіпте, ал екіншісінде сақалдан сыптай бол­ған күйде тұр.

 

Бұл азаматтың айтуынша, сақалына байланысты сол күні қалалық ішкі істер басқармасына апарылғандар бірнеше ондап саналады. Алдап-сулап, қорқытып-үркітуден соң сақалын қыруға келіскендерді бірден босатып, бұған келіспегендерін ұстап қалған көрінеді.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ