Қажыларға айыппұл салды

02.09.2019
Қаралды: 123

Тәжікстанда Мекке-Мәдинадан жақында ғана қажы болып оралған біраз азаматтар заң алдында кінәлі болып қалды. Қажы болғандарын молынан дастархан жасап атап өткен олардың әрқайсысына 600 доллар шамасында айыппұл салынды. Ал Тәжікстанда бұлай істеуге заң жүзінде тыйым салынған.

 

Тәжікстанда Дін істері және ғұрыптарды ретке келтіру жөніндегі комитет жұмыс істейді. Осы комитет қызметкерлері қажылыққа барып келген азаматтарды жіті назарға алған. Мен енді қажымын деп жар салып, қуанышын көпшілікпен бірге атап өтіп жатқандар олардың назарынан тыс қалмайды. Оларды бірден ұстап, заңды, 5500 сомони айыппұл төлеуге тиістігін  есіне салады. Ал оны төлемей құтылып кетуге болмайды, олай етуге тырысқандар одан да қатаңырақ жазаға ұшырайды.

 

Жалпы, Тәжікстанда қажылыққа барып қайтқандарға туған-туыстарына зәмзәм суы мен кепкен құрмадан ауыз тигізуге рұқсат. Ал қажылыққа шығарып салу мен одан күтіп алу салтанаттары тек отбасы мүшелерінің ғана қатысуымен атқарылуы тиіс.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ