Қытайлар Семейде түрме сала ма?

02.09.2019
Қаралды: 126

Қытай инвесторлары Семей қаласында  түрме салуға ниет білдіріпті. «Мемлекеттік бағдарламаларды орындауға қытайлық компаниялар да атсалысады. Мәселен, қытайлықтар Семейде 1500 адамдық түрме салуға ниеттеніп отыр», – дейді бұл жаңалықты жариялаған телеарна жүргізушісі.

 

Телеарна жаңалықтарында осыдан біраз уақыт бұрын айтылған ол ақпарат бүгінде «Ютуб» арнасында жүр. Осыны біреулер әлеуметтік желіге жүктеген екен, оған семейлік Аймұханбет Бейсембековте үн қатыпты.

 

«Ресейдің қатын патшасы Екатерина қазақ даласын жаулағанда алдымен қорған мен түрме салдырған. Сол алғаш­қы түрменің біреуі Семейде (ескі малдәрігерлік институтының қарсы жағында, темір жолдың қасында) бар. Мен сол түрмеге 1968 жылы 2-12-шілде аралығында төбелес үшін жатып шыққанмын. Енді Қытайдың Семейге зауыт емес, 1500 адамдық түрме салуды жоспарлағанына қарағанда, оппозицияның серкелері шыққан Семейдің болашағы қалай болады деген жаман ой кіре бастады. 

 

Қытай  туралы сатира жазамын деп жүріп сол Қытай түрмесінің алғашқы «құрметті тұтқындарының» бірі болып жүрмесем жарады. 

 

О, Алла, өзің сақтай гөр!» – дейді А. Бейсембеков. Ал бұған қатысты жұрт төмендегідей пікірлер білдіріпті.

 

Арыстан Бөлтірік: «Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ» деген. Ай, бауырым, ол жер саған бұйырмасын, салдырып жатқандардың өздеріне бұйырсын!

 

Серікбек Айшолпанов: Семейге түрме саламын дегені – халықтың қазынасынан ақшаларыңды аламын дегені ғой.

 

Гүлнәр Ағзанқызы: Алла сақтасын! Түрме салғаны несі?!

 

Айгүл Айқынбекова: Түрмесімен қоса қуалау керек қара пәлені!

 

Мәдениет Рахымбекова: Алла сақтасын, бетін аулақ қылсын! Қазақстанда түрме онсыз да аз емес қой.

 

Тухан Аутахунова: Ниеттерінің жаманын қарашы! Одан да үйлер, мектептер, балабақшалар, ауруханалар салсын. Салатын нәрсе көп қой.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ