Облыс әкімінің екі орынбасары тағайындалды

02.09.2019
Қаралды: 55

Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеевтің өкімімен облыс әкімінің екі орынбасары тағайындалды. Олар:  Ұлан Тәжібаев және Сәкен Қалқаманов. Ұ. Тәжібаев – ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, еңбек инспекциясы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану салаларының, С. Қал­қаманов идеология, білім мен мәдениет, спорт, жастар сая­саты, дін мен отбасы салаларының жұмысын үйлестіріп, қадағалайтын болады.

 

Ұлан Қалмұханұлы Тәжібаев 1977 жылы өмірге келген. Қазақ Мемлекеттік университетін, көпсалалы «Парасат» институтын бітірген, Испанияның Мадрид қаласындағы бизнес мектебі институтында білім алған. Бірқатар құрылымдарда, «Самұрық-Қазына», «Ұлттық  аграрлық ғылыми білім беру орталығы» акционерлік қоғамдарында жауапты қызметтер атқарған. 2019 жылдың наурыз айынан бері Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.

 

Сәкен Амангелдинұлы Қалқаманов 1980 жылы туған. «Еуразия» университетін бітірген. Мамандығы бойынша – журналист. Ол бірқатар телеарналарда еңбек еткен, «Қаз­МұнайГаз», «ҚазАгро» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамдарының баспасөз хатшылығында, Ауыл шаруашылығы министрлігінің қоғаммен байланыс бөлімінде, бірер жекеменшік компанияларда басшылық қызметтер атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі болған.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ