Дәрігерлер мүгедек еткен бе?

30.08.2019
Қаралды: 129

Біз Тараз қаласының тұрғыны Гүлжан Рахимова жайлы жазуды дұрыс көрдік.

 

Гүлжан рухы биік, білімді, бірнеше тілді меңгерген, сабырлы да қайсар қыз. Бірақ оның сағын сындырған бір жай бар. «Екінші сыныптың аяғында мектепте маған полиомиелитке қарсы және АКДС екпелерін салған. Содан аяқтарым жүрмей қалды», – деп жазады ол.

 

Ата-анасы оны Қазақстандағы мық­ты деген мамандарға көрсеткен. Бірақ нәтиже болмапты. 1984-ші жылы оған «Последствия перенесенного полирадикулоневрита. Нижняя параплегия. Нарушение функции тазовых органов по типу задержки» деген бірнеше диагноз қойылған.

 

«Маған 30 жыл бойы анам қарады. 4 жыл бұрын анам қайтыс болды. Ал әкемнің жасы 79-да. Екі ағамның жанұялары бар. Өздерінің проблемалары жеткілікті. Маған көмек бере алмайды.

 

Содан бері маған көп «сиделкалар» қарады. Олардың ішінде неше түрлі жаман адамдар болды. Маскүнемдер, ұрлықшылар, өмірге ызалы, өздерінің өшін мен сияқты адамдардан алатын әйелдер, тіпті шай мен тамақты жеп-ішуге рұқсат берме­гендері де кездесті.

 

Анамның өмірден өтуі мен үшін өте үлкен соққы болды. Ауыр стрестен бұрынғы диагнозыма миома қосылды. Мен тіпті өліп қала жаздадым. Бірақ дәрігерлер мені емдей алмады. Гемоглобин өте төмен болғандықтан операция жасамаймыз деді», – дейді Гүлжан. 

 

Гүлжанның жасы қазір 43-те. Отыз бес жылдан бері мүгедектер арбасына таңылған оның омыртқасы қатты қи­сайып кетіпті. Сүйектері де әлсіз тарт­қан. Ол 4 ай Грекияда ем алып, елге жақында оралды. Грекияны таңдаған себебі – шет ел клиникалары ішінде емі ең арзаны осы болыпты.   Оның өзінде емнің ақысы – айына 7500 евро.

 

«Көптеген адамдар сол жақта емделіп, денсаулықтары жақсарып кетіп жатқанын естіп, көріп жүрмін. Бірақ мемлекет түрлі сылтаумен менің шетелде емделуіме қаржы бөлмей қойды. Қайырымдылық қорлары тек балаларға ғана көмектеседі екен.

 

Менің ең негізгі мақсатым – өз-өзіме қарауға үйренсем деймін. Еш­кімге тәуелді болмасам, сол арман! Грек дәрігерлерінде тағы бірнеше ай ем алсам, оған мүмкіндік бар деді. Тек мәселе қаржыға тіреліп тұр.

 

Көмек сұрамаған жерім қалмады. Жұрттан жиналған әрбір тиынды үнем­дедім. Әлеуметтік желідегі парақшамда есеп беріп отырдым. Алдағы уа­қытта да мейірім танытып, тілектестік білдіріп, көмек қолын созған жандардың әрбір тиын ақшасын тек ем үшін жұмсауға уәде беремін. Тек аяқ-қолды құрсаған мына ауруды сәл де болса жеңсем екен. Омыртқаға қолайсыз тимейтін жаңа мүгедектер креслосын алсам екен».

 

Гүлжан осылай дейді. Ағайын, Гүлжанға қолдан келгенше көмек көрсетейікші!

 

Р. ОРДАБЕК.

 

Гүлжан Рахимованың байланыс телефоны: 8-775-819-88-41.

Kasрі GOLD:  5169 4931 5760 8749.

ИИН 75 01 11 40 22 25.

Halyk Bank: KZ646010002003696261.

Халық банк картасы:  4390 8782 6072 8877.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ