Жаңа оқу жылы дау-дамайсыз басталса екен

29.08.2019
Қаралды: 88

2019-2020 оқу жылының басталуына да санаулы күндер қалды. Алдағы аптада мектеп басшыларының еңбек демалыстары аяқталып, өз жұмыстарына кіріседі. 

 

Әдеттегідей, оқу жылы басталғаннан дау-дамай сағат бөлу сәтінен бас­талады. Біліктілігіміз бен шама-шар­қымызға қарамай, жалақыны көп алу мақсатында артық сағаттар алуға жанталасамыз. Көздеген межеге жету үшін басшылыққа пара беруден де та­йынбаймыз.

 

Білікті ұстаздар бұл мәселеге бас ауыртпаса керек. Өзіне сенімді бол­ған соң сағаттан да кенде қалмасына сенімді. Алайда кейбір мектеп басшылары «Күлшелі бала сүйкімді» деп, біліктілікті ескермей, сый-сияпат жасағыш мұғалімдерге бүйрегі бұрып кетіп жатады.  Міне, оқу жылы бастал­ғаннан мектеп ұжымының атмосферасы осыдан бұзылады. 

 

Келесі бір дау туындататын мәселе – сабақ кестесі. Бұл мәселе бо­йынша да басшылардың көңілін тапқандар сабақ кестесін реттеп алады да, басшылықтың тілін таппағандардың сабақ кестесі «кездейсоқ» шашырап кетеді. 

 

Сынып жетекшілігіне таластың да өзіндік ерекшелігі бар. Бұл мәселеге оқушы мен ата-ананы араластырып, мұғалімнің масқара болатын кездері де болып жатады. Өзін-өзі мақтап, өзге мұғалімнің үстінен арыз ұйымдастырып, оқушылар мен ата-аналарды мектеп басшыларына жұмсап, «Осы сыныпты осы мұғалім алсын!» деген ұсыныстар мен талаптар айтқызуға мәжбүрлеу арқылы мақсатқа жетуге тырысатын жайттар да көрініс беріп қалады.

 

Дау-дамайлы мектепте оқушыға саналы тәрбие мен сапалы білім беру еш мүмкін емес-ау.

 

Әділ де білікті басшы ғана мектеп ұжымын жетістіктерге жетелей алады.

 

Сондықтан, оқу жылының басынан қатаң тәртіп пен әділ басшылық жасалуын назарға алайық!

 

Сафуан ӨТЕБАЕВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ