Н.НАЗАРБАЕВ: «Екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра»

27.08.2019
Қаралды: 219

«...Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары аса ауыр болды. Жұмыс жоқ, айлық жоқ, дүкен, дүңгіршектердің сөрелері бос жататын. Сонда ел, жұрт «бер, бер» деп отыратын. Үкіметте ақша жоқ болса, қайдан, қалай береміз?

 

Алайда бүгінгі күні сол отыз жыл бұрын­ғы ұрандарды қайта көтеріп жүр. «Маған бер, кішкентай балаларым көп» дейді, «айлығым аз, тағы бер» дейді. Сонда бас кезінде не ойладың? Бұл – сенің проблемаң. Сен мемлекетпен ақылдасқан жоқсың ғой.

 

...Жұмыс жоқ па, микрокредит берді, ал. Екі сиыр сатып ал да, өзіңді асыра. Артық сүтті сатып, ақша тап. Огородыңды ек, тамағыңды тап та, қалғанын базарға апарып сат. Біліміңді ал да, істе.

 

...Бір миллион оралманды шақырып әкелдік. Бірде-бір мемлекет оны істеген жоқ. Біз әкеліп, жұмыс істеңдер, балаларың үйленсін, өсіңдер десек, олар айтады, «маған беріңдер». Жұмыс істеңдер. Жұмыс істемесек, ештеңе де болмайды. Мемлекет қаражатын жинайтын – ел, халық. Ол халық жұмыс істемесе, мемлекет қалтасында ақша болмаса, нені береміз деп айту, нақты елге түсіндіру керек емес пе?»

 

(«НұрОтан» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінен).

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ