Ет қымбаттауының себебі неде?

21.08.2019
Қаралды: 106

Бүгінде еттің килосының бағасы 2 мың теңгеден асты. Шымкент қаласы бойынша жылқы етінің килосы 2000-2100 теңгеге, қазы мен жаясы 2500 теңгеге, сиыр еті сүйегімен болса 2000 теңгеге, сүйексізі 2500 теңгеге, қойдың еті 1700-1800 теңгеге жетті.

 

Шымкенттің Қырғы базарында ет сататын Әзиза Молдабекова мұның сырын еттің шетелге жөнелтіліп жатқандығынан дейді.

 

«Міне, бір жарым ай болды, еттің бағасы бізге апта сайын 50 теңгеге асып келуде. Ендігі келетін еттің көтерме бағасы 1900-дан асады деп жатыр. Сонда оны 2500 теңгеден сатуға тура келеді. Бұл ет тағы қымбаттайды деген сөз. Бізге 170-180 келілік кішірек мал етін әкелуде. Ал ірі малдың барлығы шет мемлекеттерге жөнелтіледі. Өзім Бәйдібек ауданында тұрамын, сол ауылдың малын Қарабұлаққа апарып, қаз-қатар тізіліп тұрған «Кам­АЗ»-дарға артып жіберуде. Мал соя­тындардың барлығы «жіліктеп қарыз­ға бергенше, қолма-қол ақшаға сат­қанымыз дұрыс» деп беріп отыр. Шекараның барлығы ашық. Осылайша еттің бәрі экспортқа кетіп жатыр», – дейді ол.

 

Бұлай қымбаттай берсе, жұрттың көбі ет жеуден қалатын шығар.

 

М. ШЫНҰЗАҚ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ