18 жастан асқандардың жартысынан көбі банкке қарыз

20.08.2019
Қаралды: 94

Неше күннен бері мүлдем ұйқы жоқ. 

Балаларымды асырай алмай, кредитімді төлей алмай, ұйықтай алмай жүрмін десең...

Қалжың, әрине. Негізі бұл күлетін нәрсе емес. 

Бұйырса, бөпелерім көп бола жатыр, өз уақытымен, бірақ кредитке Құдай жолатпаса екен.

 

Ащы болса да шындық, қазақстандықтардың 18 жастан асқандарының жартысынан көбі бүгінде банктерге қарыз. Одан қалды «Займер», «Деньги онлайн» деген бір пәлелері бар. Олардың үстіне қоятын проценті – ойбо-ой, «самая вышка».

 

Әрине, ешкім де несиені еріккеннен алмайды ғой, қысылып-қымтырылған соң амалсыздан сол жаққа басын сауғалап барады.

 

Той жасау үшін, телефон алу үшін де, үйге ремонт жасасаң да халықтың «адал» досы – несие. Еті үйренгендер керек-керек емес, әдет болып қалған, төлейді, құтылады, сосын қайтадан барады,  ол «досы» да бетін қайтармайды. 

 

Енді біреулер алған ақшасын қайтармайынша, «напряженка» ұстап, «нервничать» етіп, дұрыс тамақ жеуден қалады. Миында «кредит, кредит» деп сарнап тұрады. Оны төлеп бітемін дегенше шашы ағарып, әбіржіп кетеді. 

 

Үйді 20 жылға ипотекаға алғандар жайлы тіпті үндемей-ақ қояйын. 20 жыл бойы уайымдап, төлеп біттім-ау дегенде, ол үйі тозған, сенің үйің деген аты ғана, 20 жыл бойы жалдап тұрғанның күйін кешеді-ау. Сырттары бүтін, іштері алай-дүлей, әр ай бітіп, жаңа ай басталған сайын иненің үстінде жүргендегі «төлей алмай қалам-ау» деген қорқыныш сезім. Қиын ғой бұл.

 

Бір кем дүние.

 

Әйгерім СЛӘМОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ