Бала сүндеттелгеннен кейін ғана мұсылман бола ма?

20.08.2019
Қаралды: 158

Кейде біз сүндеттелген балаға тілек айта тұрып, «Ұлыңыздың мұсылман болғаны құтты болсын!» деп жатамыз. «Әкесі – мұсылман, анасы – мұсылман, солардан туып, дүние есігін ашқан сәбидің сүндеттелгенше мұсылман бола қоймағаны ма, қалай? Тіпті азан шақырып ат қойдық та ғой?», деп ойлайсың. 

 

«Бұл – қате ұғым, – дейді жергілікті имамдар. – Сүндеттеу – мұсылман парыздарының бірі. Сәби дүние­ге келісімен-ақ – мұсылман. «Ұлыңыздың сүндеті қабыл болсын!», «Сүндет тойы құтты болсын!» деп тілек айт­қан орынды».

 

Бекжігіт СЕРДАЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ