Жаңа әкім біз жаққа да назар салса екен

19.08.2019
Қаралды: 78

Шымкенттің «Бозарық» шағын ауданындағы «Ұста Мұхаммед» және «Жасыл ел» деп аталатын көшелерге тұрғындар 2007-2009 жылдар аралығында қоныстанған. Коммуникациялық жүйе толық жүргізілген.

 

«Ұста Мұхаммед» көшесін асфальттау 2017 жылы басталып еді, жартысына келгенде жұмыс­тар тоқтап қалған болатын. Бүгінде сол тұстар мен «Жасыл ел» көшесіне жауын-шашын күндері су жиналып, тұрғындарды әбігерге салады.

 

Көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындап кетті. Осы туралы біз Шымкенттің және қаладағы Қаратау ауданы әкімдерінің атына 2016-2019 жылдар аралығында бірнеше мәрте хат жаздық. Бірақ олардан еш нәтиже шықпай жүр. Қаланың жолға жауапты басқармасынан жауап хат алдық. Онда «Ұста Мұхаммед» көшесіне – 1200 метр, «Жасыл ел» көшесіне 800 метр жерге асфальт төсеу жөнінде жоба жасалынғаны, егер қаржы қаралынса, жол салынатыны туралы айтыл­ған.

 

Өткен шілде айында қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың қабылдауында болып, көпшіліктің атынан өтініш айт­қанмын. Ол кісі жауапты адамдарды шақырып алып, осы көшелерге шұғыл жол салу жөнінде тапсырма берген болатын.

 

Енді Ғ.Әбдірахымовтың орнына келген жаңа әкім Е.Айтаханов мәселені қалай шешіп берер екен? Жауабын тезірек білгіміз келеді.

 

Бегалы ИМАНӘЛІ.

Бегалы Иманәлінің байланыс телефоны: 8-701-348-35-32.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ