Бейсенбай Тәжібаев – филиал төрағасының бірінші орынбасары

19.08.2019
Қаралды: 91

Әріптесіміз, белгілі журналист Бейсенбай Тәжібаев «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Бейсенбай Тәжібаев кезінде «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінде еңбек еткен, «Қазақстан» телерадиокомпаниясы облыстық филиалының бөлім редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, Астанадағы «Айқын» газеті тілшілер қосынының жетекшісі, «Астана» ЖШС-нің бас редакторы, Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің басшысы – облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметтерін атқар­ған. 2018-жылдың тамыз айынан бері Түркістан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы болып келді.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ