Сенат депутаттары тағайындалды

19.08.2019
Қаралды: 147

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Парламент Сенатының депутаттары – Асқар Бейсембаевтың, Бірғаным Әйтімованың, Сергей Громовтың, Георгий Кимнің, Дулат Қосдәу­летовтің және Рашид Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды. Дариға Назар­баева мен Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болып қайта тағайындалды.

 

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұртөре Жүсіп, Асқар Шәкіров, Андрей Лукин, Ләззат Сүлеймен, Дана Нұржігітова және Қанатбек Сафинов Сенат депутаттары болып тағайындалды.

 

Д.Назарбаеваның 2016 жылдан Сенат депутаты, биылғы наурыз айынан бері Сенат спикері болғаны белгілі. М.Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары қызметінде болған, биылғы наурызда Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік тұрақты комитетінің төрағасы болып сайланған еді.

 

Ал Сенатқа жаңадан тағайындалған Нұртөре Жүсіп 2008 жылдан бері «Ай­қын» газетінің бас редакторы болып келген, А.Шәкіров бұрын Сыртқы істер министрлігінде  жауапты қызметтер ат­қарған еді. А.Лукин биылғы сәуір айына дейін Бас Прокурордың орынбасары болып істеген, Л.Сүлеймен – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Д.Нұржігітова «Qazaqstan» телеарнасының қызметкері болған. Қ.Сафинов кезінде Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы болған, биылғы сәуірде басқа жұмыс­қа ауысқан еді.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ