Доллар тағы өрге қарай домалады

14.08.2019
Қаралды: 96

Ол мұның себебі инвесторлардың теңге әлсірейді деген күмәнмен жаппай шетел валютасын сатып ала бас­тауынан деп көрсеткен еді. Ал қаржы сарапшысы Нұржан Зиябеков болса, теңгенің әлсіреуіне, біріншіден, АҚШ-тың Ресейге қойған санкциясы, екін­шіден, экономикамыз мұнайға тәуелді болғандықтан мұнай бағасының құл­дырауы сеп болып отырғанын түсін­діреді. Жуырда ол: «Доллар бағамы ары кетсе 391-392 теңгеге дейін баруы мүмкін. 400 теңге біздің экономикамызға өте ауыр, ондай жағдайда Ұлттық банк кіріседі», – деп болжам жасады.  

 

Жалпы, экономистер доллардың бұлай өсуінің себебін қаржы нарығында Ресей рублінің әлсіреуі мен АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынасының нашарлауына байла­ныс­ты деп түсіндіреді. Бұл шетелден шикізат сатып алып отырған қазақстандық кәсіпкерлерді де алаңдатуда. 

 

Бұл жағдай әсіресе қарапайым халыққа жайсыз тиюде. Олар мұның себебін де түсіне алмауда. Мәселен, Гүлайым Аубекер есімді әлеуметтік желі қолданушысы: «Осы доллардың бізге тигізер әсері шамалы жалпы. Ал оны кейбір адамдар сылтау қылып, бағаны көтеруде. Ойлап қарасақ, көптеген көкөніс-жемістер өзімізде өседі. Астық өзімізден, тәттілер мен печеньелер өзімізден. Сонда доллардың бізге не қажеті бар? Көп болса шетелден келетін тауарларға әсер етер. Қалғандарына түк те қатысы жоқ. Осыған миым жетпейді», – деп жазыпты. Раушан есімді тағы бір желі қолданушысы: «Дүкендерден тек қазақстандық азық-түлік, киім талап ету керек. Сонда сұраныс көбейсе зауыттар ашылып, доллар әсер етпейтін болады», – дейді. Бұл пікірді Думан Шыңғысхан да қостайды. «Шетелден кірген тауарларды мақсатты түрде бір мезет алмай қойыңыздаршы, баға да қымбаттамайды, доллар да түседі», – дейді ол.

 

Қысқасы, доллар өрге қарай домалауын қояр емес. Ол жұрттың көңіліне уайым ұялатуда.

 

М. ЫБЫРАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ