«Арқадағ өлді» дегендер жауапқа тартылғалы жатыр

09.08.2019
Қаралды: 182

Таяуда Түркі­менстан Президенті Құрбанғұлы Бердімұ­хамедов туралы жайсыз хабар тарағаны белгілі. Біреулер оны бүйрек жетіс­пеу­ші­лігінен өлді деп айтып еді. Бұл кейін жалған, алыпқашпа әңгіме болып шықты. Енді Түр­кіменстанда осын­дай сөзді таратушы адамдарды «аулау» жүріп жатыр.

 

Осыған дейін үш адам анықталды. «Түр­кіментелекомның» Лебап бөлімшесінің қыз­меткері, су-балық шаруашылығының маманы және тұрғын үй-коммуналдық қызметінің өкілі ұсталды. Бұл азаматтар «Елдегі жағдайды ушықтыратын хабар таратқаны үшін» деген баппен қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін.

 

Ал Президенттің тірі екенін айтып, насихаттау Мәдениет министрлігіне тапсырылған. Бұл саланың адамдары барынша көзге түсуге тырысып бағуда. Әсіресе шоу-бизнестегілердің, эстрада жұлдыздарының әрекеті күшті. Олар Арқадағқа ұзақ өмір тілеп, оның халық үшін атқарып жатқан істерін көрсетіп-ақ жатыр. «Президент өлді» деген жаман сөз таратқандарды халық жауына, Отанын сатқан опасызға теңеп, оларды қарғап-сілеп жатқандар көп. Тіпті біреулері «ондай оңбағандарды ұстап, денесін қызған темірмен шыжғыруға» шақырды.

 

Бүгінде бұл елдің күш құрылымдары кү­шейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Тағы да біраз адамдар ұсталуы әбден мүмкін сияқты.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ