Шымкент қаласының әкімі ауысты

30.07.2019
Қаралды: 127

Шымкент қаласының әкімі ауысты. Бұл қызметті 2018 жылдың маусым айынан бері атқарып келген Ғабидолла Әбдірахымов лауазымынан босатылды. Оның орнына осыған дейін Отырар ауданының әкімі болып келген Ерлан Айтаханов тағайындалды.

 

Қаланың жаңа әкімін тағайындауға Шымкентке Президент Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев келді. «Қасым-Жомарт Кемелұлының қазір ең басты нәрсе халық пен биліктің диалогы екенін айтып жүргені белгілі. Ғабидолла Әбдірахымовқа билік тарапынан әрқашанда қолдау мен сенім болғанын жақсы білесіздер. Өкінішке орай, ол оны толық сезінбеді. Ол өзіне деген сенімді жоғалтты», – деді Қ.Көшербаев өз сөзінде.

 

...Шымкенттің жаңа әкімі Ерлан Қуанышұлы Айтаханов 1971 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Алғабас ауданында өмірге келген. Ол екі жоғары оқу орнын – Мәскеу Мемлекеттік университетін және Қазақ Мемлекеттік заң академиясын бітірген.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ