Әбдірахымов кадр таңдауда неге қателесе береді?

22.07.2019
Қаралды: 108

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың тағы бір қателігі. Ол кадр таңдауда қателесуде.

 

Өмірінде не энергетика саласында, не коммуналдық қызметте істемеген, мамандығы заңгер, экономист «аппаратчикті» алып келіп, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына басшы етіп тағайындапты. 

 

Коммуналдық қызметтің ең ауыр сала екенін біле тұра оған түк қатысы жоқ адамды қалай басқарма басшысы етіп тағайындады? 

 

Шымкенттің мегаполис болғаны кеше ғана. Оған ең мықты, «мен» деген сала мамандарын, өңірлерде елге танылған басшыларды тарту керек. Ал Ғ.Әбдірахымов болса, әлі кадр таңдай алмай жүр. Осыған дейін әкім болған кезіндегі қателіктерін қайталауда. Адам бір қателескеннен нәтиже шығаруы керек еді... 

 

«Өзің білмесең, орынбасарларыңды, басқарма басшыларынан білетін адамдарды қою керек. Олар сенің білмейтініңді білдіртпейді» дегенді шетелде оқытпаған сияқты.

 

Тағы бірі: Өз саласының мамандары басшылық жасамағаннан кейін Шымкентте бір зауыт іске қосылып жатқан жоқ. Келген Елбасы, Премьер, министрлерге осыдан 5-6 жыл бұрын ашыл­ған кәсіпорындарды көрсете береді.

 

Шымкентте жылына кемі 15-20 мың адамның еңбекке қабілеттілігі артуда, яғни 20 мың адамға жаңа жұмыс орындары ашылуы керек. Зауыттар іске қосылмаса, жұмыссыздықпен күресе алмайсың. Яғни аз қамтамасыз етілген отбасылар күн санап көбейетін болады. Осыны біліп, әрекет жасап жатқан басшылығын көріп тұрғаным жоқ. Халыққа кредит ал да, ісіңді баста дегеннен басқа ештеңе істеп жатқан жоқ.

 

«Шымкент Сити» туралы мүлдем ау­ыз ашқым кел­мейді. Соғылып біт­кен бір үй жоқ.

 

Қорытынды: Шым­­кент халқының пысықтығының, мемлекет қазынасының арқасында ғана гүлденіп келеді.

 

Әкімнің бұл тағайындауы мұғалімге адам емде дегендей болды. 

 

Тағайындалған басқарма басшысы туралы біле отырыңыздар.

 

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың өкімімен Алтай Әлі қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды. Алтай Сембекұлы Әлі 1985 жылы өмірге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша – экономист, заңгер. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Еңбек жолында Астана қалалық сотының бас маманы, ҚР Премьер-министрінің сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, ҚР Премьер-министрі хатшылығының бас сарапшысы, ҚР Премьер-министрі өңірлік даму бөлімінің бас консультанты, бас инспекторы лауазымдарын атқарған. Соңғы атқарған қызметі: Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – хатшылық меңгерушісі.

 

Айша ЖАУЫНБАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ