Асқар Мамин қазақшаны қатыра ма?

22.07.2019
Қаралды: 104

Таяуда Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстыратын «Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» халықаралық автожолының ашылуына байланысты салтанатты шара өтті. Оған Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин мен Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

 

Бір «әттеген-айы», бұл шарада Мамин мырзаның кей сөздердің аяғын жұта асығыс оқыған баяндамасы көпшілікке аса түсінікті бола қоймаған секілді. Ол туралы видео әлеуметтік желіге де жүктелген. Мысалы, мынадай сөздер бар:

 

«Осы жолдын ашылуы Қазақстан мен Озбекистан арасындағы стратегиялық арептестіктің қарқынды дамуы және достығының символы болып табылады. Онын негизин Қазақстан Республиксының Бірінші Президенті, Елбасы  Нұрсұлтан Абишұлы Назарбаев жане Озбекистан Республиксы Президенті Шавкат Мироманвч Мирзиёев қалаған. Қазақстан Республиксының Президенті Қасым-Жомарт Кемелеұлы Тоқаев Елбасының сыртқы саясат сабақтастық негізінде жалғастырып, Озбекистанмен қарым-қатынастарды дамуына ерекше коніл бөлуде. Осы ретте ағымдағы жылдың сәуір айында Озбекистанға жасаған мемлекеттік сапары қорытындылар екі жақты арептестектің дамуына қосымша серпін берді. Жалпы, жобаның екі мемлекет экономикасы ушын  манызы улкен. Онын натижесінде екі ел транзитінің алеуеті қарқынды түрде өсетін болады».

 

Премьер-министрдің осы «қазақшасына» көңілі толмаған көпшілік бұл видеоға қатысты мынадай пікірлер қалдырыпты:  

 

nurzan.baymenov: Қазақша таза сөйлей алатын министрге де, Президентке де жарымадық-ау...

 

galіatuntekova: Өз ана тілін білмеу деген өте ұят нәрсе ғой. Намысы бар адам, оның ішінде ел алдында көш бастап жүрген азаматтар өз тілінде сөйлеуге тырысуы керек қой. Мұны көрген жастарымыз қандай үлгі алады? Өз еліңде өз тіліңді білмесең де бола береді екен ғой деген тұжырымға келетіні анық. Тіл тағдырын айтып шырылдаған ағаларымыз да шаршады.

 

abіlbekkyzy.s: Қалай әрең оқып, әрең сөйлеп министр болады?

 

smagulov.beіbut: Қазaқ тілін зорлық көрсетіп сөйлейтін адамдарды қалай билік басына қояды екен, ә? Жазылған жазуды оқи алмаса емтиханнан қалай өткен екен?

 

serіk_іmaganbetov: Мына кісіге қарағанда қазақстандық кей орыстар таза қазақша, әдемі сөйлейді.

 

zvezda.70: Өзбек-әкалар іштерінен күліп, мазақтап тұрған шығар. «Әй, мәңгүрт, дүбәралар-ай!» деп... Ұят-ай, бүкіл әлемге күлкі болдық! Айналдырған 18 миллион халықты екі басшы, 500 мың шенеунік басқарып, елімізді жаңғыртып емес, барлық сала бойынша қаңғырып, лағып кеттік. Өсіп келе жатқан келер ұрпаққа қарар бетіміз жоқ. Ойланып, оянғандар құрдымға кетіп жатыр. Құдай ақырын берсін...

 

еdіlkhankyzy: Қор қылды ғой тілімді, ұяттан өлетін болдық қой!

 

...Ел басқарып отырған басшыларымыздың осылайша ана тілінде шала сөйлеуі қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Бұл кемшілігіміз қашан түзелер екен, оны кім түзер екен?!

 

М. ШУАҚ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ