Дубай әмірінің әйелі Германияға қашып кетті

18.07.2019
Қаралды: 242

Біріккен Араб Әмірлік­терінің Премьер-минис­трі, Вице-президенті, оған қоса елдегі ең үлкен әмірлік – Дубайдың әмірі шейх Мохаммед бен Рашид әл-Мактумның екінші әйелі (оның 7 әйелі, 9 ұл, 14 қызы бар) Хайа бинт әл-Хусейн Германияға қашып кетті.

 

Хайа бинт әл-Хусейн өзінің 11 жастағы қызы мен 7 жастағы ұлын ертіп, оған қоса 40 миллион доллар қаржы әкеткен. Ол Ұлыбританияға қашуға ол жақтағылар бірден экстрадициялайды деп қорқып, Германияны паналапты. БАӘ билігі қайтаруды талап еткенімен Германия оны беруден бас тартқан. Хайа бинт әл-Хусейн шейхпен ажырасуға құжаттар тапсырып та қойыпты. Ол балаларды әкесіне беруден де үзілді-кесілді бас тартып отыр. Ал бұған шейхтің өзінің кейбір туыстарына көрсетіп отырған озбырлығы себеп болған көрінеді. Хайа бинт әл-Хусейн өзінің балаларын сондай қиянаттан қорғау мақ­са­тында қашып шыққан де­седі.

 

Дубай әмірінің жасы енді бірер күнде 70-ке толады. Ол – Біріккен Араб Әмірліктерінің гүлденуіне еңбегі сіңген, әлем­дік деңгейдегі саясаткер адам. Ал Хайа бинт әл-Хусейннің жасы қазір 45-те. Ол Иордания королінің қызы, 11 балалы отбасында туып-өскен.

 

Бұл екеуі де араб әле­міндегі бай, ықпалды әу­лет мүшелері. Мемлекеттік іс­терден бөлек, ат спортымен, қайырымдылық іс-шараларымен де айналысады.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ