Рашид Аюпов – Түркістан қаласының әкімі

08.07.2019
Қаралды: 193

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласының әкімі ауысты. Бұл қызметті Рашид Аюпов атқаратын болды.

 

Рашид Абатоллаұлы Аюпов Түркістан облысындағы Кентау қаласында өмірге келген. «Шымкент» университетін, Шымкенттегі Академиялық-инновациялық университетті бітірген. Ол – мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы Патшайым Марияның Лондон университетінде оқыған. Ақпарат бакалавры, заңгер, мемлекеттік басқару магистрі мамандықтарының иегері. Кезінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Премьер-министр Кеңсесінде, «Нұр Отан» партиясы құрылымдарында жауапты қызметтер атқарған. 2015 – 2018 жылдар аралығында Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы болды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері «Shіmkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып келген еді.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ