Ауыс-түйістер жүріп жатыр

08.07.2019
Қаралды: 138

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Ол 2013 жылдың қаңтар айынан бері Қызылорда облысының әкімі қызметін атқарып келген еді.

 

Қызылорда облысының әкімі қызметін енді 2015 жылдан бері облыс әкімінің орынбасары болып келген Қуанышбек Ысқақов атқаратын болды. Ол бұрын Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарындағы қаржылық органдарда лауазымды қызметтерде істеген.

 

Ал Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін 2019 жылдың наурыз айы­нан бері атқарып келген Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Б.Сағынтаевтың 2016-2019 жылдар аралығында Премьер-министр болғаны, кейін Мемлекеттік хатшы қызметін атқарғаны белгілі.

 

Алматы қаласының әкімі қызметін 2015 жылдың тамыз айынан бері атқарып келген Бауыржан Байбек «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ