Гүлнара Каримова түрмеден босатыла ма?

04.07.2019
Қаралды: 194

Өзбекстанның бұрынғы Президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримованың 5 жылға сотталып, жазасын әйелдер колониясында өтеп жатқаны белгілі. 2017 жылы ол бірнеше ауыр айыптар тағылып, 10 жылға соттал­ған, кейін жазасы жартылай жеңілдетілген еді. Ол «үй қамағында» отырған болатын. Биылғы наурызда заң бұзды деген кінә тағылып, колонияға жіберілгені белгілі.

 

Таяуда әлеуметтік желіде Г. Каримованың қызы Иманның анам ауыр жағдайда жатыр деген хабарламасы жарияланған еді. Арада көп өтпей Өзбекстанға Г. Каримованың адвокаты Григуар Манжа келген болатын. Сосын Г. Каримованың халыққа, Президент Шавкат Мирзиеёвке хат жазғаны, шетелдерде бұғатталған миллиондаған қаржыны Өзбекстанға қайтаруға көмектесуді шешкені туралы жария­ланды.

 

Енді әлеуметтік желілерде блогерлердің Гүлнараны мадақтаған, оның «Өзбекстанға керектігін» айтқан жазбалар жиілей бастады. Авторлары – негізінен шоу-бизнес өкілдері.

 

Осыған орай кей сарапшылар бұған Г. Каримованың түрмеден босатылуына дайындық басталып кетті деп баға беріп жатыр. Соған алдын-ала жұрттың құлағын үйретіп жатыр деген пікір білдіруде.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ