Базардағы бағаны зейнеткерлерге бақылатқан тиімді

01.07.2019
Қаралды: 176

Президент сайлауы: Біреулер сайрады, біреулер жайнады. Біреулердің қаны қайнады.

Не болар екен аяғы? Халыққа болса ғой пайдалы!

 

Бәрін айт та, бірін айт, бүгінде базар бағасының өсуіне тосқауыл қоюға ешкімнің күші жетпейтін сияқты. Сатушылар аузына келген бағаны айта салады. Мұның қалай, халық қиналады ғой десең, қай­теміз, біз де бұларды қымбат­қа алып жатырмыз деп уәж айтады. Халықтың жайын жоғарыдағылар ойласын, жеңілдететін шаралар ойластырсын дейді.

 

Қысқасы, айналып келгенде ортада сорлайтын – қарапайым ха­лық. Нарық қос өкпеден қысып барады.

 

Кеңестік кезеңде тұрақтылық бар еді, ешкім ертеңінен қорқып, уайымдамайтын. Әділдік, туралық бар еді. Ал қазір бұлар жоқ.

 

Ал әділдік керек. Осы орайда бір ұсынысым бар.

 

Мысалы, базарға, сауда нүк­телеріне әкімдіктен тексеру­шілер барады. Бір айда бір мәрте, екі мәрте. Өздерінше бағаны реттеп кетеді. Олар кеткесін бәрі бұрынғы қалпына келеді. Бұл тәртіпсіздікті барлық халық біледі, бірақ ретке келтіруге шамасы жоқ.

 

Меніңше, бұл тәртіпсіздікті  тоқтату оңай. Ол үшін зейнеткерлерден, саудада істеген кісілерден бақылаушы қою керек. Оларға жалақы тағайындаудың қажеті жоқ, күнделікті жолкіресін төлеп тұрса болды, айына екі мәрте сауда орнын қадағалап, бағаны бақылайды, тәртіпке келтіреді. Бұл әсіресе қарапйым халықтың күнделікті ас-суына қажетті өнімдердің бағасын ұстап тұру үшін маңызды. Осыны Шымкент қаласының әкімдігі жан-жақты ойланып көрсе болар еді.

 

Шалқар АРЫСБАЕВ, тыл ардагері.

Шалқар Арысбаевтың байланыс телефоны: 8-701-164-46-71.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ