Кеше ғана жарысып мақтағандар бүгін енді қарғап-сілеп жатыр...

25.06.2019
Қаралды: 245

Президенттікке үміткерлердің бірі Әміржан Қосановтың сайлауға «Ұлт тағдыры» қозғалысының атынан түскені белгілі. Сондықтан оған «жеңілгенін» алдын-ала мойындағаны үшін кіжінген жұрттың аузынан шыққан сөздердің бір шеті аталған ұйым жетекшісі Дос Көшімге де тиіп жатыр. Оны да кінәлаған ауыр сөздер айтылды. Бұл, әрине, оның ет жақын туыстарына да әсер етті. Осы орайда Д.Көшімнің жұбайы Әсима Көшім жұртшылыққа «Фейсбук» арқылы былай деп жауап қатты:

 

Әңгіме менің өмірдегі тірегім, күйеуім – Дос Көшім туралы.

 

Бірнеше күннен бері сайлау туралы айтқан адамдар Әміржанмен бірге Досекеңді де неше түрлі сөздермен әбден балағаттап, мазақтап, өз жаз­ғандарынан рақаттанып жатыр. Бірақ Досекең өзі туралы жазғандардың біреуін де оқымайды (бұл да дұрыс екен деп осы күндері түсіндім, жүйкесін құртпай), себебі «Фейсбукте» ешқашан отырмайды.

 

Көбісі Дос Көшім және басқалары неге үндемей жатыр дейді.

 

Біріншіден, Досекең 2009 жылы аш­қан «Ұлт тағдыры» қозғалысын (партия емес, шатастырмаңдар) Хасен Қожаxмет 4 жыл бұрын жабылған партия, оны бір күнде барып Әміржан билікке ақша беріп ашып алды (Әбләзов та осылай айтқан) деген жалған ақпарат берді (оны да көрдім). Иә, қозғалысының жұмысын Досекең 4 жыл бұрын тоқтатты, жапқан жоқ, себебі тіркелген қозғалыстың жыл са­йын налогын төлеу керек болды. 

 

Екіншіден, Әміржанмен жақсы араласып жүргесін, ол Президенттікке түсем деп келісім бергесін Досекең қозғалысынан ұсынды, себебі Әміржан ешқандай партияның немесе қозғалыс­тың мүшесі болмады, бір жерден тіркелуі керек болды. 

 

Үшіншіден, Досекең Әміржанның штабын басқарған жоқ, оны қолынан жетектеп жүрген жоқ, ол бақылаушыларды да­йындаумен аймақтарда семинар өткізіп жүрді, себебі ол салада оның тәжірибесі мол.

 

Төртіншіден, екінші күні Досекең Астанадан келгенде біз барлық тума-туыстар таң атпай сайлау учаскесіне жүгіріп, сол үшін дауысымызды бердік. «Не болған Әміржанға?» – деп сұрағанда До­секеңнің айтқаны: «Сайлау біткеннен кейін барлық қандидаттарды мемлекеттік канал жинап, жеке интервью алды. Әмір­жан интервью беріп шыққаннан кейін Досекең: «Неге (предварительный еще) экзит-полдың пайызын мойындады?» – дегенде Әміржан: «Ол менің шешімім, өз сөзіме өзім жауап беремін», – деген. Мен күйіп-пісіп: «Сенің ұйымыңа кір келтірді, беделін түсірді», – дегенімде: «Прези­денттікке түсіп жатқан Әміржан жас бала емес, оған мен қандай ақыл беруім керек? Өз шешімім дегесін үндемедім», – деді.

 

Ол Әміржан үшін жауап бермейді, әр адамның өз басы, өз ойы бар. Ол да Әміржанға сенді.

 

Досекеңнің бір жақсы қасиеті бар, ол ешқашан ешкімді жамандамайды, ешкімге ренжімейді, эмоцияға беріл­мейді.

 

Менің бұны жазып отырғаным, сен­дердің алдарыңда Әміржанды жығып беріп, Досекеңнің атынан ақталайын деу­ден аулақпын. Әміржанға да ренжі­меймін, оны да түсінемін. Оған қазір оңай болып жатқан жоқ. Мен тек шындықты жазып отырмын. Себебі, басында айтып кеттім, неше күннен бері «Фейсбукті» ашып қалсаң, тек боқтық сөздермен оларды жамандап жатқандар. Тіпті Құдайдан да қорықпай, қарғыс айтып жатқандар бар. Білсе олар, қарғыс Жерді жеті айналып, адамның өзіне немесе ұрпағына барады. Соның бәрін оқып, менің жүрегім шыдамады. 

 

Қарасам, адамдар жағдайды дұрыс түсінбей, тек эмоцияға беріліп, кім не айтады, сол жаққа бұрылып кетеді.

 

Үш жыл бұрын Досекең жер мәсе­лесінде сөйлегенде xалық бастарына көтеріп, жарысып мақтап, біздің ойымызды айтты деп, ал бүгін Әміржанды қорғады деп, «елден кетсін екеуі» деп жатыр, ұятсыздар! Бұл жерде орысша айтқым келді, «забыли иx спросить, где нам жить». Жазып жатқандардың ішінде кеше бір дастарxан басында отырып, дос болғандар да бар, таң қаламын соларға.

 

Осы уақытқа дейін қазақ xалқы үшін қаншама жұмыс жасағанын біреу білсе, біреу білмейді, әсіресе жастар.

 

Адам өзі көрмей, ештеңі білмейді.

 

Досекең саясатқа кеше келген жоқ, оның тәжірибесі мол, сондықтан үйде диванда жатып оны балағаттап отыр­ған­дардан сұрайын деп едім: «Осы уақытқа дейін өздерің қазақ xалқы үшін не іс­тедіңдер, қандай жұмыстарыңды айта аласыңдар нақты?» 

 

Адамды білмей, оны танымай, оны тек бір ісімен бағалау немесе «менің ойымнан шықпады» деп барлығымен қосылып жамандауды ең «низкий поступок» деп санаймын. Досекеңнің барлық xалықтың ойы­нан шығуы міндетті емес, оның өзінің принципі, ұстанымы бар. Уақыт көрсетер кімнің кім екенін. 

 

Ал «жоқ, ол оңбаған, бетіне түкіргім келеді», әсіресе, «Дос – супер алаяқ, ол биліктің адамы, ақшаға сатылып кеткен» дейтіндерге есігіміз ашық, келіңіздер, қарсы аламыз. Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, «Айнабұлақ-4» ықшамау­даны, №192 үй, 1-пәтер. (Түсінікті болуы үшін: «Бара­xолкадан» төмен). Байланыс телефоны: 8-701-775-45-18.

 

И напоследок я скажу: оставайтесь людьми при любыx ситуацияx, даже ішің жарылып бара жатса да... Аман-сау болыңыздар!

 

Әсима КӨШІМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ