Құрылыстағы қазақ балаларының несібесі келімсектердің аузында кетіп жатыр

25.06.2019
Қаралды: 115

Қазақтың қара баласының ауылдан қалаға келіп істейтіні құрылыс жұмысы екенін жақсы білесіздер. Өкінішке орай, күзет, такси, құрылыс жұмыстарын біреуге жалданып атқару қазіргі кезде қазақ баласының еншісіне қалып отыр.

 

Ауылда мұғалім мен дәрігерге ғана жұмыс таба аласыз. Оның өзінде таласып, тартысып, қолыңдағы бірнәрсені аузына салып барып, әйтеуір бір вакансияны аласыз. Елдің баласының бәрі де епті емес. Епті адамның қай жерде болсын жұмыстың ретін тауып, істеп кететінін де мойындау керек. Ондай азаматтар менің айналамда табылады.

 

Менің таңқалатыным, құрылыс саласында түріктер толып жүр. Ішім ашитыны – осы түріктің қай-қайсысына болса да жоғары категориялы құрылыс фирмалары жұмысын тапсырып тастайды. Ал бұлар қазақтың қара баласын жұмысқа салып қойып, өздері арада делдал болып, қалтасын ақшаға толтырып жүр. Астананы да, басқа қалаларды да қазақтың қара баласы мен жер астындағы қара мұнайы салып жатыр. Қалтасы ақшаға толған бұлар біздің қазақтың қыздарына құмар. Өздерінің кеңсесінде отырған қазақтың қыздарының бәрін соңынан ертіп алып кетеді. Біздің бұл желікпелер түріктердің соңынан еріп жүреді. Бұл кейбір қыздар­ға ар да, намыс та емес. Кафеде көзің түссе қаның басыңа шабады.

 

Қазір қазақтың баласының қолынан келмейтін тірлік жоқ. Бірақ тек жалдамалы ғана болып жүр. Ай, аңқау қазақтың баласы-ай!

 

Қазақтың баласы қазір архитектуралық құрылыс нысандарының кез келгенін салып, инженерлік есептерін жасап бере алады. Қазақтың жігіттері жан-жақты талантты. Ал мынау түріктер мен орыстілді­лердің білімінің деңгейін мен өзім көзбен көріп, жұмыс басында-ақ тексеріп тастаймын. Мыңқылдап ешнәрсе айта алмайды. Түк те білімдері жоқ. Бастары көп нәрсеге жетпейді. Бұлар қазақ баласын қара жұмысқа жалдап, делдалдықпен ақша табудың ғана шебері екен.

 

Дүние алма-кезек. Жігіттер, тек қана өркениет жолына ғана ояныңдар! Мынау келімсектерді білімдеріңмен, іскерлікте­ріңмен, әрекеттеріңмен, намыспен барлық саладан ығыстырып шығара аласыңдар. Сендерде бұл қабілет бар. Құрылысты да, мұнайды да, экономиканы да, қаржыны да өз қолдарыңа алуды жоспарап, тактикалық жолмен жұмыс жасаңдар. Сонда намыстарың да, жігерлерің де, тұғырларың да құламайды.

 

Мен де инженермін. Бірнеше компанияны аралап көріп, келісім-шарт жасау үшін сөйлесіп жүрмін. Арадағы қаңғыбас келімсек делдалдарға алданбаңдар. Өзде­ріңнің несібелеріңе қайдағы бір қаң­ғы­бастарды серік қылмаңдар. Бұл сендер­дің ғана емес, бала-шағаларыңның да несібесі.

 

Бұл сендердің қолдарыңнан келеді. Қолынан келтіріп жүрген нар жігіттерді көзіммен көріп жатырмын. Қыздарға еге болыңдар. Оларды дұрыс қамтамасыз етіңдер. Бізді бүгіннен бастап өркениетті сана, ғылым мен білім, жігер мен мінез, нақты әрекет қана барлық бұғаудан алып шығады.

 

Бекболат ҚАРЖАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ