Аумақтық экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары кімдер?

24.06.2019
Қаралды: 212

Биылғы жылы елімізде Экономикалық тергеу қызметінің қайта құрылғаны белгілі. Кешегі аптада Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен осы құрылымға қарас­ты аумақтық экономикалық тергеу департаменттерінің жаңа басшылары таға­йындалды.

 

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін Жанболат Қожабаев, Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін Дәулет Ақылбеков, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басшысы қызметін Рүстем Рақышев атқаратын болды.

 

Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаментін – Темірлан Шонаев, Ақтөбе облысы бойынша департаментті – Айбек Тұрышов, Алматы облысы бойынша департаментті – Бекзат Үсенов, Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментін Қайрат Бижанов басқаратын болды.

 

Саян Жұмағұлов – Батыс Қазақстан облысы бойынша, Еркебұлан Байғожин – Жамбыл,  Данияр Ақжанов – Қарағанды, Қайрат Сейтқазинов – Қостанай, Рашид Темірбеков – Қызылорда, Данияр Әлиев – Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменттеріне басшы болып тағайындалды.

 

Т. Тұран.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ