Жаңадан екі министрлік құрылды

24.06.2019
Қаралды: 80

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен жаңадан екі министрлік құрылды. Олар: Сауда және интеграция министрлігі мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

 

Жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігіне үш министрліктің – Ұлттық экономика министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Сыртқы істер минис­трлігінің бірқатар функциялары мен өкілеттіктері берілді.

 

Сондай-ақ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне де үш министрліктің – Энергетика министрлігінің, Ауыл шаруашылығы минис­трлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірқатар функциялары мен өкілет­тіктері берілді.

 

Сауда және интеграция министрі болыптаяуда ғана Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметінен босаған Бақыт Сұлтанов тағайындалды. Оның кезінде Қаржы министрі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметтерін атқарғаны белгілі.

 

Ал жаңадан құрылған Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне  Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды. М.Мырзағалиев 2014 жылдан бері Энергетика вице-министрі болып келген, оның алдында мұнай мен газ вице-министрі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясында басқарма директоры болған.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ