Жемқорлық оқиғасы жайында хабарлай аласыз

20.06.2019
Қаралды: 201

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу мақсаттарында үнемі жұмыс жүргізілуде.

 

Атап айтатын болсақ, 2016 жылдың басынан бері «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңын басшылыққа ала отырып «Нұр Отан» ХДП, Түркістан облыстық, аудандық сот орындаушылар, прокуратура және қаржы полициясы өкілдерінің қатысуымен 6 «дөңгелек үстелдер» өткізілді. Онда Түркістан облысы көлемінде орын алған пара алу фактілері және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер бойынша сұрақтар талқыланды. Оның әр қызметкерге мұндай келеңсіз жайлардан аулақ болуға, заң талаптарын қатаң сақтауға, бұл бағытта жүргізіліп жатқан күреске өз үлестерін қосуға ой салғаны сөзсіз.

 

Сондай-ақ әр тоқсан сайын басқарманың жеке құрамынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талаптары бойынша сынақ қабылданады. Сонымен қатар апта сайын бөлім бастықтарымен өткізілетін жиналыстарда бірінші кезекте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

 

Шымкент қаласының төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері тарапынан жіберілген сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша 44-94-37, 55-01-56 сенім телефондары арқылы хабарласуларыңызға болатындығын ескертеді.         

  

Қайрат СӘРСЕМБАЕВ,

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ