Сайрагүл Сауытбай Швециядан сәлем жолдады

19.06.2019
Қаралды: 173

«Замана» газетінің өткен санында Сайрагүл Са­уытбайдың Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмауына байланысты шетелге аттанғанын жазған едік. Қытайдан қашып келіп, елден пана сұраған ол отбасымен ақыры Швецияға кеткен болатын. Енді ол шетел азаматтығын алмақ. Бұл туралы Сайра­гүлдің өзі әлеуметтік желі арқылы былай дейді:

 

– Өздеріңізге жалынды сәлем! Осы орайда қазақ еліндегі барлық қандастарымызға, жанашырларымызға жалынды сәлем жолдаймыз, алғысымызды білдіреміз. Жаңадан аттанғанда көңіл-күйімізде орасан зор толқулар болды. Өйткені осы күнге дейін біз Қазастаннан үмітімізді үзбеген болатынбыз. Ендігі мақсатымыз – Швеция елінің азаматтығын алып, Қытайдың қаупінен толық арылып, балаларымды жақсылап оқытып, келешекте өз отанына барып, халқы үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Швеция мемлекеті бізді өте жылы қабылдады. Бұл жерде заң кемелденген екен. Біздің барлық жағдайымызды толығымен жасап берді. Барлық жұмысымызды мемлекет қызметкерлері өз мойнына алды. Құжаттарымызды реттеу жұмысы өте сәтті жүргізілуде. Бұл мемлекетте халық үшін жұмысты өте керемет, жан-жақты жүргізетінін өз көзімізбен көрдік. Халыққа барлық жағдай жасалған. Біздің мемлекетіміз қашан осындай жағдайға жетеді екен деп ойлап отырмыз. Барлығыңызға рахмет!

 

М. ШУАҚ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ