Ауыс-түйістер басталды

18.06.2019
Қаралды: 747

Кешегі бейсенбіде Президент Тоқаевтың Жарлығымен Кәрім Мәсімов – Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы, Бақытжан Сағынтаев – Президент Әкімшілігінің басшысы болып таға­йындалды. Яғни олар осыған дейін атқарып келген қызметтерін сақтап қалды. (К.Мәсімовтің Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы қызметін 2016 жылдың қыркүйек айынан бері, ал Б.Сағынтаевтың Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін 2019 жылдың наурыз айынан бері атқарып келгені белгілі).

 

Осы күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары бол­ған, ал оның алдында екі жыл Білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған.

 

Ал осының алдында ғана Нұр-Сұлтан қаласына әкім болып кеткен Алтай Көлгіновтің орнына Батыс Қазақстан облысының әкімі қыз­метіне бұған дейін аумақ басшысының орынбасары болып келген Ғали Есқалиев таға­йындалды.

 

Маңғыстау облысының да әкімі ауысты. Бұл облысты 2017 жылдың наурыз айынан бері бас­қарып келген Ералы Тоғжановтың орнына Серікбай Тұрымов тағайындалды. С.Тұрымов 2012-2017 жылдар аралығында Жаңаөзен және Ақтау қалаларының әкімі қызметтерін атқарған. 2017 жылдың қазан айынан бері Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып келді.

 

"Замана".

Пікір қалдыру

1000 символ