Сайлаушылар кімге қанша дауыс берді деп отыр?

16.06.2019
Қаралды: 192

Орталық сайлау комиссиясы елімізде 9-маусым күні өткен кезектен тыс Президент сайлауының нәтижелерін жариялады. Көрсеткіштерге қарай рет санымен алғанда мәліметтер мынадай:

 

«Нұр Отан» партиясы атынан сайлауға түскен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 70,96 па­йызы (6 миллион 539 мың 715 адам) дауыс бергені туралы айтылады.

 

«Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан қатысқан Әміржан Қосанов 1 миллион 495 мың 401 адамның дауысын иеленген делінеді. Көрсеткіш – 16,23 пайыз.

 

«Ақ жол» партиясының үміткері Дания Еспаева сайлаушылардың 5,05 пайыз дауысына ие болыпты. Оны қолдаушылар саны – 465 мың 714 адам.

 

«Ауыл» партиясынан ұсынылған үміткер Төлеутай Рақымбековке 280 мың 451 адам дауыс беріпті. Бұл жалпы сайлаушылардың 3,04 пайызын құрайды.

 

Кәсіподақтар федерациясының атынан бақ сынаған Амангелді Таспиховқа сайлаушылардың 1,98 пайызы, яғни 182 мың 898 адам дауыс беріпті.

 

Қазақстан Коммунистік халық партиясының өкілі Жамбыл Ахметбековке 167 мың 649 адам (жалпы сайлау­шылардың 1,82 пайызы) қолдау білдіріпті.

 

Президент сайлауына «Ұлы дала қырандары» қоз­ғалысының атынан қатысқан Сәдібек Түгелге 84 мың 582 адам (0,92 пайыз) өз дауыстарын беріпті.

 

Сонымен Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс өткізілген Президент сайлауында халықтың басым бөлігінің қолдауын иеленді деп танылып отыр.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ