Негізгі 10 бағытты атап көрсетті

14.06.2019
Қаралды: 598

Президент Қ.Тоқаев өзінің алдағы атқаратын жұмыстарының негізгі 10 бағытын атап көрсетті.

 

Бірінші кезекте ол халықтың табысын арттыруға мән берілетінін айтты. Екінші бағыт – қоғамды әбден меңдеп алған сыбайлас жемқорлықпен күрес, оны жою.

 

Мемлекет басшысы үшінші бағыт деп сот жүйесін реформалауды атап өтті. Төртінші бағыт – жаңа жұмыс орындарын ашу, халықты лайықты жалақымен қамтамасыз ету болмақ. Қ.Тоқаев ұлттық кірістің әділ бөлінуін стратегиялық маңызды мәселе деп атап көрсетті.

 

Тұрғын үй мәселесін шешу – бесінші бағыт. Алтыншы – адам капиталын дамыту. Жетінші – өңірлерді дамытудың жаңа бағдары жасалады.

 

Сегізінші бағытта Президент рухани жаңғыру құндылықтарын насихаттауды атады. Тоғызыншы бағыт көп векторлы саяси бағытты ұстана отырып, ұлттың мүддесін қор­ғау болмақ.

 

Оныншы бағыт – жастармен жұмыс істеу.  Бұған байланысты Қ.Тоқаев мемлекеттік басқарудың барлық дең­гейлеріне қажетті талантты жастарды тарту үшін арнайы президенттік кадрлық резерв жасақталатынын айтты.

 

...Негізі елдегі қордаланған мәселелер туралы бұрын-соңды аз айтылып жүрген жоқ. Халықтың өзгерістерді талап етуі де содан шығып отыр. Президент осыны жақсы түсінетін сияқты.

 

Ал Президент Қ.Тоқаевтың сөзі мен ісінің арасы қалай болады? Ол өзінің берген уәделерінде тұра ала ма? Өзіндік саясат ұстанып, еркін қимылдай ала ма? Қазір жұртты қатты ойландырып отырғаны – осы жағы.  Бұл орайда Қ.Тоқаевтың алдында өзінің Президент лауазымына шын мәнінде лайық жан екенін дәлелдеу міндеті тұр.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ