10 отбасыға баспана сыйлады, 500 отбасыға азық-түлік әперді

13.06.2019
Қаралды: 147

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында еңбегі мен іскерлігінің арқасында кәсібін дөңгелентіп отырған азаматтар жетерлік.

 

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Жомарт жүрек» базалық жобасы аясында аудандағы кәсіп­керлер мен демеушілер тарапынан аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, Ұлы Отан соғысы арда­герлеріне, жалғызілікті қарттар­ға көптеген көмектер берілуде.

 

Осындай нар тұлғалы азаматтардың бірі – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы, кәсіпкер Сырым Ертаев. Ол  2017-2018 жылдары Алтынтөбе ауыл округінен тұрмысы төмен 2 отбасыға, Қарабау ауыл округінен – 3, Жаңабазар ауыл округінен – 2, жалпы 7 отбасыға өз есебінен үй салып берген. Ол биылғы жылы да қайырымды ісін жалғастыра отырып, жуық арада Жігерген ауыл округінен – 1, Қазы­ғұрт ауыл округінен 2 отбасыға баспана тарту етпек.

 

Сонымен қатар кәсіпкер мұсылман қауымы үшін жылдың ең қа­сиетті, әрі ерекше айы – Рамазан айында аудандағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 500 отбасыға азық-түлік үлестіріп, 5 миллион теңге көлемінде көмек көрсетті. 

 

Барымен бөлісуді адамдық борышы деп ұғынған жаны жомарт азамат осылайша ізгілік жасауды дәстүрге айналдырған.  

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ