Бұрынғы прокурорға 15 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

13.06.2019
Қаралды: 179

Шымкентте прокуратураның бұрынғы қызметкері Бал­ғабай Сеңгірбаевқа қатысты сот үкімі шықты. «Қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, алаяқтық жасауға оқталған» деген айып тағылған оған 14 миллион 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

Б.Сеңгірбаев тергеуде жүрген біреуге 2 миллион 100 мың теңге «сыйақы» үшін жауапкершіліктен құтқаруға уәде берген екен. Ол аталған сомадағы ақшаның бір бөлігін алу үстінде қолға түскен. Кінәсін бірден мойындаған. Дегенмен аталған мәселені шешу Сеңгірбаевтың құзіретіне кірмейтіндіктен, яғни тергеу барысына ықпал ете алмайтындықтан оның әрекеті «пара алу» деп емес, «алаяқтыққа оқталу» деп дәрежеленген.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ