Кеденнің 20 қызметкері ұсталды

04.06.2019
Қаралды: 233

Алматы облысындағы «Нұр жол», «Қалжат» және Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев кеден бекеттерінің 20 қызметкері ұсталды. Оларға пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

 

Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұған қатысты таратқан мәлімдемесінде күдіктілердің Қытайдан Өзбекстанға тауар алып өтпек болған жүк көлігі иелеріне қысым көрсетіп, жүйелі түрде пара алып отырғаны туралы айтылады. Олардан қомақты қаржы тәркіленіпті.

 

Бұл іске қатысты 3 адам сот санкциясымен қамауға алынған, басқаларына кінәсін бірден мо­йындағандықтан бұлтартпау шарасы қолданылмаған.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ