Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры күдікке ілікті

04.06.2019
Қаралды: 78

Еліміздегі Ұлттық тестілеу орталығының бас директорына пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Бұл жөнінде арнайы өткізілген брифинг кезінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қарасты қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлім етті.

 

Жарияланған деректерге қарағанда, Ұлттық тестілеу орталығының бас директоры параға құны 9 миллион теңгеден асатын жаңа «Тойота-Камри» автокөлігін алған көрінеді.

 

Жалпы, еліміздегі былыққа батқан салалар қатарында білім саласы ешкімнен қалыспай тұрғанға ұқсайды. Мысалы, кейінгі 3 жыл ішінде онда сыбайлас жемқорлықтың 620 дерегі анықталған. Мемлекетке келтірілген шығын мөлшері 1 миллиард 500 миллион теңгені құрайды.

 

Бұл салада 364 қызметкер пара алып әшкере болыпты. Оның 57-сі – мектеп директорлары болса, 22-сі – балабақша меңгерушілері және 10-ы – колледж директорлары екен.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ