Бас мүфти Шымкентте ауызашар берді

29.05.2019
Қаралды: 230

Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Шымкент қалалық мешітінде зиялы қауым өкілдеріне арнап ауызашар берді. Оған қала әкімдігінен, қалалық ардагерлер кеңе­сінен басшылар, елдің экономикалық, рухани дамуына үлес қосып жүрген басқа да азаматтар қатысты.

 

«Қасиет қонған елді жау да, дау да ала алмайды. Ол ел ешқашан зорлық та, қорлық та көрмейді», – деген Пайғамбарымыздың сөзі бар екен. Салыстыра қарасақ, мұсылман елдерінің ішінде мұндай қасиет әсіресе біздің халықтарымызда бар. Жасы үлкен адаммен «Ассалаумағалейкум!» деп Алладан амандығын тілеп сәлемдеседі, әрбір істі «Біссімілда» деп бастайды, ойлаған мақсатқа жеткенде «Әлхамдулилла» деп шүкіршілік айтып бата қайырады», – деп елдің ынтымақ-бірлігіне қатысты біраз ойларын жет­кізген Бас мүфти ауызашарға келген ел ағаларына алғысын білдірді. «Ние­тіміз қабыл болсын, еліміз аман, бір­лігіміз баянды болсын, қолға алынып жатқан игі істерге Алла жар болсын!» – деп тілегін білдірді.

 

Ауызашарға қатысқан азаматтар атынан да Бас мүфтиге көпшіліктің тілегі жеткізілді. Іс-шараға жиналған жамағатқа ішінде Біріккен Араб Әмір­ліктерінен жеткізілген құрма мен діни-танымдық кітаптар үлестірілді.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ