Алданып қалды ма, әлде жемқорлықтың салдары ма екен?

30.05.2019
Қаралды: 107

Ташкентте Қытай компаниясы жер үсті метросы дейтін зуылдақ пойыз жолын салып жатыр. Тура сол компания сол жолды Астанадан да сала бастаған. Бірақ Ташкенттегіден он есе қымбат­қа дейді. Ташкентте біздегіден он есе арзан екенін біліп қалған үкіметіміз Астанадағы зуылдақ пойыз жолының құрылысын уақытша тоқтатты дейді.

 

«Естімеген – елде көп». Қай жалпақшешей келісім жасады екен? Жемқорлықтың салдары ма әлде?

 

Өзбекте елдің мүддесін бірінші кезекке қою басты қағида болып қалыптасқан. Бір тиынның үстінде, қолыңда өледі. Ал мемлекетті нығайту тұрғысынан бұл өте-мөте дұрыс нәрсе.

 

Серік АЛДАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ