Парижге қазақтар не үшін жиналды?

29.05.2019
Қаралды: 279

Кешегі аптада Франция астанасы – Париж қаласында бірқатар қазақ азаматтары бас қосқан конференция болып өтті. Бұл жиынға бүгінде шетелде тұрып жатқан біраз азаматтармен қатар блогерлер, ІТ-мамандар, сондай-ақ Қазақстандағы «Ақиқат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері қатысты.

 

Осыған орай «Азаттық» радиосы «Ақиқат» ЖСДП төрағасы Ермұрат Бапиден сұхбат алып, оны өз порталында жариялады.

 

«Конференцияны Қазақстан оппозициясының шетелдегі бюросы ұйымдастырды. Барлығы 50-ге жуық адам болды. Жиында алдағы өтетін Парламент сайлауына дайындық мәселе­сін қозғадық. Келесі айдағы кезектен тыс Президент сайлауы, Қазақстанда қалыптасқан саяси жағдай жайлы пікір алмастық. Жаңа­өзен оқиғасын, қуғынға түсіп, түрмеде отыр­ғандардың мәселесін талқыладық. Қазақстанның азаматтық қоға­мын алдағы Парламент сайлауына қалай дайындай аламыз деген мәселе төңіре­гінде әңгіме болды. Қоғамдағы саяси күштерді «Ақиқат» ЖСДП маңайына топтастырып, Парламент сайлауына кемінде 100 кандидат дайындау мәселесін тал­қыладық.

 

9-маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауы жайлы көп пікірталас болды. Конференциядан кейін қарар қабылдадық. Оны алдағы уақытта жариялаймыз», – деді Е.Бапи өзіне қойылған сұрақтарға орай.

 

Бұл жиынға бүгінде шетелде бас сауғалап жүрген бұрынғы Премьер-министр Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев спикер ретінде шақырыл­ған екен. Олар да өз ой-пікірлерімен бөлісіпті.

 

Н. ЖҮНІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ