Мектеп жанынан салынған жылыжайлар қайда жоғалды?

22.05.2019
Қаралды: 212

Осыдан он шақты жыл бұрын Оңтүстікте бір науқан басталған болатын. Мұндай ойдың қай басшыға  қайдан келгені белгісіз. Әйтеуір білім ошақтарының жанынан жылыжай ашу арқылы мектептегі мәселенің барлығын шешіп тастамақшы болған. Қателеспесем, сол үшін қазынадан қаржы да бөлінген болуы керек. Себебі бірнеше басшының жауапқа тартылғанын да естігенбіз.

 

Сол бастама аяқсыз қалды. Бүгінде жылыжайлар не болды, қазынаның қаржысы қайда кетті деп сұрап жатқан пенде жоқ. Судың да сұрауы болуы керек емес пе?

 

Жуырда Келес ауданында болғанда бір мектептің жанында мынадай көрініске куә болдым. Сол баяғы бастаманың ескерткіші ретінде тұр.

 

Бұл мектепте «жылыжайдың» қабырғасы сақталыпты. Оған да шүкір. Көпшілігінде темірлері сатылып кеткен.

 

Сонда не болды деймін да...

 

Ұ. ҮМБЕТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ