Ораза тұтқаныңызды міндет етпеңіз

21.05.2019
Қаралды: 320

Отыз жыл бойы ораза ұстаған бір адам құдық басына келіп, су алу үшін кезекке тұрады. Ол кісі кезек қанша үлкен болса да таласып-тармаспай, сабыр сақтап тұрғанда кезектің соңғы жағынан біреу айқайға басып:

 

– Мен бүгін оразамын! Кезек берің­дер, қарным ашты, шөлдедім! – деп шу шығарады.

 

Әлгі айқайшы әр адамға соны айтып, біртіндеп алға жақындай береді. Отыз жыл бойы ораза ұстаған кісі басында мән бермей тұрғанымен бір кезде шыдамы таусылып:

 

– Әй, бауырым, егер ораза тұтқанға жол беру керек болса, онда кезекті отыз жыл бойы ораза тұтқан мен суды бірінші алуым керек емес пе? Сен неге бір күн тұттым деп елді қырып кете жаздап тұр­сың?! – деп ашуланыпты. Сонда әлгі шу шығарушы қарқылдап күліп жіберіп:

 

– Мен – шайтанмын. Саған отыз жыл бойы сөзім өтпеп еді. Енді, міне, оразаңды міндет қылып, бар сауабыңнан айырылдың. Маған да керегі осы еді! – деп көзден ғайып болыпты.

 

Бауырлар, тұтқан оразаларыңызды міндет қылмаңыздар!

 

Перизат АБАЙҚЫЗЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ