Біз қандай сок ішіп жүрміз өзі?

14.05.2019
Қаралды: 88

«Ресейде табиғи шырын жасайтын зауытқа жұмысқа кірген едім. Шырын шығарып, небір жеміс-жидекке тоятын болдым ғой деп ойлағанмын.

 

Бірақ қуанышым су сепкендей басылды. Себебі атына заты сай емес екен. Күніне 80 тонна шырын шығарсақ та бір түйір алма, апельсин немесе басқадай жеміс-жидекті көрмедім.

 

Мынаны көзіммен көргесін жазып отырмын: 2 тонна консервантқа 38 тонна су қосады. Сосын еті, мәйегі (мякоть) деп оған картон қағаз бен манда­риннің қабығын қосады. Ал ішіп көр сосын «натуральный» су мен қағазды!

 

40 тонна су мен қағаз толы ыдысқа сосын химикат косады. Сонда ол оған аңқыған иіс және тәтті дәм береді.

 

Міне, «табиғи шырын» осылай да­йындалады. Бұл химияны құйып алдым. 5 литрге жарты тамшы екен. «5 литрге 3,4 тамшы кетсе, адам уланып өледі», – дейді мамандар. «Ой, сок та, химикаты да құрысын, қызым ішіп қояр!» – деп лақтырып тастадым.

 

Сырты, қорабы керемет, жарнамасын көрсең, бұл шырынды ішкің келеді. «100 процентов без ГМО» деп жазып қойып, халықты осылай алдап жүр ғой.

Суретте: әртүрлі жемістің дәмін бере­тін қоспа мен бояу.

Айболат Букенов».

 

...Әлеуметтік желіден осындай жазба оқып, ойға қалдым.

 

Бұрын, спортпен айналысқан кезімде өзіміздің дүкен, базарлардан толып жат­қан жалған шырындарды алып, біл­местіктен көп ішкенмін. Қаншама достарыма да іш деп сыйлап бергенім бар. Яғни олардың денсаулығына шын мә­нінде білместіктен қастандық істеген екенмін.

 

Қою шырынды нағыз шырын екен деп жүрсем, оларды картон қағазды езіп-езіп қосып қоюландырады екен ғой. Қаншама балалар мен үлкендер біл­местіктен осы жалған сусынды ішіп-ішіп, рак пен қант диабетіне шалдығып, о дүниелік болуда.

 

Қазір ракпен, қант диабетімен ауы­ратындар саны көбейіп кетті.

 

Неге біздегі құзырлы органдар жалған, у сусын шығаратындарды тексеріп, жауапқа тартпайды?

 

Әлде бұл туралы өздері де білмей ме?

 

Жәнібек ИМАНМӘЗІР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ