Шымкентте де шеру өтті

10.05.2019
Қаралды: 218

Шымкентте 9-мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай дәстүрлі шеру өтті. «Батырларға – тағзым» атты іс-шараға қаланың жүздеген тұрғындары қатысты. Олар шеруге Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және майданнан аман оралып, кейінірек қайтыс болған туыстарының пор­треттерін алып шықты.

 

Шеруге қатысушылар «Даңқ» мемориалындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды, Ұлы Отан соғысынан оралмаған ерлерді еске алды.

 

Ескерткіш-мемориал орналасқан Абай саябағында Ұлы Отан соғысы оқиғаларын суреттейтін сахналық қойылымдар көрсетілді, майдангерлер әскери дала асханасынан дәм татты.

 

...Ұлы Отан соғысы басталған 1941 жылы Шымкентте 75 мыңдай адам тұрған екен. Соғысқа 23 мыңнан аса азамат алынған, олардың 11 мыңнан астамы майданда қаза тапқан. Соғыстан аман оралған ардагерлердің қатары да жыл сайын сиреп барады. Бүгінгі күндері Шымкентте 54 майдангер тұрып жатыр.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ