Үміткерлер – 7 адам

13.05.2019
Қаралды: 1357

Елімізде алдағы 9-маусымда кезектен тыс өткізілетін Президент сайлауына түсетін үміткерлер белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясы 7 адамды тіркеді. Олар мына азаматтар:

 

Қасым-Жомарт Тоқаев – сайлауға «Нұр Отан» партиясы атынан түсетін үміткер.

 

Дәния Еспаева – «Ақ жол» партиясынан.

 

Жамбыл Ахметбеков – Қазақстанның коммунистік халық партиясынан.

 

Төлеутай Рақымбеков – «Ауыл» партиясынан.

 

Амангелді Таспихов – Қазақстанның кәсіподақтары федерациясынан.

 

Сәдібек Түгел – «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігінен.

 

Әміржан Қосанов – «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінен.

 

Енді Президенттіктен үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады. Ол 11-мамыр мен 8-маусым аралығын қамтитын болады.

 

Н. ӘБДІ.

Пікір қалдыру

1000 символ