Болашақ Президентке айтарым бар

06.05.2019
Қаралды: 285

Біздің болашақ Президентіміз Монғолия Президентіндей өз елінде ешқандай күзетсіз халықтың ішінде қорықпай көшеде жал­ғыз жүре ала ма?

 

Біздің Президенттер өз халқынан өзі неге қорқады? Бұл Президенттің халықпен бірге емес екендігінің басты белгісі емес пе?

 

Осы Президент, Үкімет, Парламент, Елбасы, облыстық, қалалық, аудандық әкімдердің күзетін қысқарту арқылы миллиардтарды үнемдеп, көпбалалы аналар мен тұрмысы төмен отбасыларға жәрдемақыны көбейтуге болады.

 

Мемлекет басшысының шетелге сапарындағы сақтық халықаралық протоколға сәйкес болуы қажет. Ол – бас­қа мәселе.

 

Сайлауалды кездесуінде Президент Қ.Тоқаев халықтан жасырмай, Президент аппаратын, Елбасы аппаратын, Үкіметті халық қазынасынан жалдау үшін бір жылда мемлекет қанша қаржы жұмсайтынын нақты, ашық айтуы керек. Бұл шығын 30 жыл бойы халықтан жасырын болып келеді. Билікті ұстау үшін жұмсалатын қаражатты қысқарту – жаңа Президенттің бірінші кезектегі «бас ауруы» болуы керек. «Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» деген дана қазақ.

 

Болашақ Президент бар мәселені халықпен келісіп шешсе, талай нәрсе өз орнына келеді. Тек сайлау әділ өтіп, халық өзінің таңдаған нар ұлын тағына отырғызсын деп тілейік Алладан!

 

А. БЕЙСЕМБЕКОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ