Қазақстанды алдағы 10 жыл ішінде не күтіп тұр?

06.05.2019
Қаралды: 166

Соңғы уақыттары ғаламторда тек адамның ғана емес, тұтас бір мемлекеттің болашағын болжаушылар көбейді. Оған кейде түрлі саяси оқиғалар да себеп  болып жатады. Украиналық Вадим – кәдуілгі классикалық карта арқылы болашақты болжай алатын көріпкелдердің бірі. Ол Қазақстанды он жылдан соң не күтіп тұрғаны туралы былай деп жорамал жасапты: 

 

«Мен Қазақстанның болашағын бес түрлі жағынан қарап көрейін.

 

Қазақстанның экономикалық жағдайы қандай болмақ? Әрине, бәрі керемет деңгейде емес, бірақ едәуір алға жылжулар байқалады. Баспана мәселесі шешімін табады. Тұрғын үйлер мен қоғамдық мекемелер көптеп салынатынн болады. Жалпы жағдай жақсарады.

 

Елде кәсіпорындар көптеп ашылады. Ауыл шаруашылығының артта қалған кей тұстары қолға алынады. Экономикада алға жылжу байқалады. Бірақ елдегі халықтың белгілі бір бөлігі Қазақстаннан кетеді.

 

Сонымен қатар он жылдан соң да денсаулық сақтау саласында қиындықтар туындайды. Дегенмен үкімет дұрыс саясат жүргізеді. Мемлекет ақырындап дами бастайды. Яғни Қазақстандағы жағдай қазіргіден тәуір болады.

 

Халықтың өмір сүру деңгейі қандай болады? Көптеген мәселелер шешіледі. Халықтың өмір сүру деңгейі едәуір жоғарылайды. Жұмыс орындары көбейеді, жұмыссыздар саны азаяды. Ауыл шаруашылығы дамып, көпшілігі осы салада жұмыс істейтін болады.  Жекеменшік, ірі, біріккен кәсіпорындар көбейеді. Мемлекеттік басқару ісінде, өндіріс саласында әйелдердің ролі артады.

 

Көрші елмен кикілжің туындайды.  Бірақ Қазақстан оны еңсереді.

 

Қазақстанның Ресеймен байланысы. Он жылдан соң елдің Ресеймен байланысы нашарлайды. Ұзақ әрі қауіп тудыратын қақтығыстар орын алады. Ол кезде Ресейде де, Қазақстанда да басқа үкімет болады. Бірақ оған елдің шығысындағы мемлекет көмектеседі. Картадан қарар болсақ, бұл - Қытай. Қазақстан аталған қиындықтарды жеңеді. Дегенмен солтүстіктегі көр­шімен қарым-қатынаста қырағы болған жөн. 

 

Қазақстанның АҚШ-пен қарым-қатынасы. Қазақстанның Ресейге қарағанда, АҚШ-пен байланысы өте жақсы болады. Президенттер біріге отырып, түрлі келісім-шарттар жасасады. Кейбір жерде қарама-қайшылықтар болуы мүмкін. Дегенмен елдің  АҚШ-пен байланысы нығаяды.

 

Қазақстан дамыған Батыс өркениетіне қарай тартыла бастайды. Мемлекет Ресеймен қырғиқабақ болады, керісінше, осы мәселеде Қазақстанға көмектескен Қытай елімен өзара жылы қарым-қатынас орнайды.

 

Елдегі жалпы көрініс. Он жылдан соң да түрлі мәселелер болады. Бірақ жағдай едәуір жақсарады. Алдағы он жыл төңірегінде жасы үлкен Президенттен соң орта жастағы, содан соң одан да жас жігіт билік басына келеді. Біраз уақыт елді әйел адам билейді. Ол мемлекетке көптеген пайдалы дүниелер жасайды. Оның басшылыққа келуі қиын болғанымен билікті бәрібір қолына алады.

 

Бірақ елде туу деңгейі төмендейді.  Халық саны азаяды. Халықтың жартысы солтүстікке қарай, яғни Ресейге кетеді. Бәлкім бұл Қазақстандағы өзгерістерге көңілі толмаған орыстар болуы мүмкін. Әрине, байтақ ел болғандықтан қиындықтар да болмай тұрмайды. Ал негізінен мемлекет дами береді. Елдің болашағы жақсы».

 

...Десек те мұның бәрі жай ғана жорамал. Қазақстанның қай бағытқа қарай дамитынын және бұл көріпкелдің айтқандарының қаншалықты рас болатынын тек болашақ көрсетеді.    

 

М. БИБОЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ