Әр бала үшін 70 мың теңгеден төлесе не болады?

02.05.2019
Қаралды: 187

Егер бес балалы ана айына 350 мың теңге алса, әсіресе ауылдық жерлерде демография ғарыштық жылдамдықпен өзгереді, ажырасу күрт азаяды, жастардың махаббат сезімі тез оянып, үйлену көбейеді. Он жылда 35 миллионға, 20 жылда 50 миллионға жетеміз. Сан сапаға айналады. Жетімдер үйі жойылады, халық тұрмысы жақсарады, еркектердің еңбек бәсімен бірге беделі де жоғарылайды. Жұмыс істей ме, бала туа ма – әйелдер өзі таңдайды.

 

350 мың дегеніңіз – 1000 доллар ғана, кез келген жібі түзу ел беретін ақша. Біз – алтын сандықтың үстінде отырған елміз. Осы ақшаны бөлуге қиналсақ, бір бөлігіне пәтер, жер, асыл тұқымды мал да беруге болады. 

 

Бар ақшаны осындай өзгеше жобаға салсақ, болашақ адам капиталы мейлінше сапалы болуы үшін мұғалім жалақысын 500-600 мың теңгеге жеткізіп, бір сыныпта 15 оқушыдан аспайтын етсек, әкім бол­ған мехнат, мұғалім болған рахат қылсақ, небәрі 15 жылдан кейін ілімі дамыған супер мемлекетке айналамыз.

 

Осыны шынымен орындалмайтын арман деп ойлайсыздар ма? Түк те емес.

 

Асылхан МАМАШҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ